Алматыда электрокарларға арналған 300 тұрақ орнатылады

8 Желтоқсан 2023, 11:37
406
Бөлісу:
Алматыда электрокарларға арналған 300 тұрақ орнатылады
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Келесі жылы тротуарлық және алаңдық автотұрақтарда 150 электр қуаттау құрылғысы орнатылмақ. Сондай-ақ, электрокарларға арналған 300 тұрақ орнатылады. Сонымен қатар, 10 әлеуетті жеке инвестор тартылды. Биыл 750 экологиялық таза автобус сатып алынды, оның 600-і қалалық бюджет есебінен. Айта кетейік, келесі жылдан бастап Алматыда дизельді автобустар сатып алынбауы керек, – деді қала әкімі Ерболат Досаев. 

Өзгелердің жаңалығы