Алматыда Tabiğat Labs экоағартушылық іс-шара өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қала экологиясына алаңдайтын Қазақстанның әр өңіріндегі ұйымдар мен бастамалар ұсынылды.
Жасыл рейнджер клубы. Ботаника және фитоинтродукция институтының басқаруындағы Бас Ботаникалық бақ барлық қала тұрғындарын Жасыл рейнджер клубына қатысуға шақырады. Бұл клубта Ботаника және фитоинтродукция институтының ғалымдарынан білім алып, өсімдіктердің денсаулығын сақтау мен көгалдандыруға қатысты тәжірибе жинақтауға болады. Бағдарлама 2025 жылдың маусымында басталады. Қатысу тегін. Апта сайынғы кездесулер әр сенбіде бақ аумағында өтеді. Urbanitarium Almaty – 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған жыл сайын өтетін білім беру бағдарламасы. Urban Forum Kazakhstan жүзеге асыратын бұл бағдарламада қатысушылар урбанистер, сәулетшілер, әлеуметтанушылар және өзге де мамандар қолданатын әртүрлі құралдар мен тәсілдермен танысады,- деді А.Д. Джангалиев атындағы жеміс өсімдіктері зертханасының меңгерушісі, биолог Гауһар Мұқан.
Конкурс арқылы 24 жасөспірім іріктеліп, мамандардан білім алып, қаладағы ағаштар тақырыбында зерттеу жүргізуге мүмкіндік алды.
Бағдарлама аясында Әсет Сыздықовтың “Алма ағаштары ертегілері” кітабының тұсаукесері өтті.