Алматыда екі баланы көлік қағып кеткені видеоға түсіп қалды

24 Ақпан 2024, 00:18
824
Бөлісу:
Алматыда екі баланы көлік қағып кеткені видеоға түсіп қалды
VIDEO
Фото: скрин\@kris_p_almaty_official

Алматының Алатау ауданында көлік жүргізушісі жолды кесіп өтіп бара жатқан екі баланы қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

Бақылау камерасы жол-көлік оқиғасы сәтін түсіріп алған. Кадрларға қарағанда, екі мектеп оқушысы қараңғыда жолдан өтіп бара жатқанда машина қағып кеткен.

Қалалық полиция департаменті бұл оқиғаның 22 ақпанда Алатау ауданы, Әйгерім шағын ауданында болғанын айтады.

Кәмелетке толмаған екі бала көлік астына түсіп қалды. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Жол-көлік оқиғасы фактісін Алатау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері назарға алды, - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы