Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда Дженнифер Лопестің концерті өтеді

21 Мамыр 2025, 17:22
296
Бөлісу:
 Фото: Instagram.com/jlo
Фото: Фото: Instagram.com/jlo

10 тамыз күні Алматыда Дженнифер Лопестің Қазақстандағы екінші концерті өтеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

“Астана концерт” компаниясының продюсері Мәлік Хасенов Дженнифер Лопестің қосымша концерті өтетінін хабарлады.

Бұл туралы продюсер Динара Сәтжанға берген сұхбатында мәлімдеген.

Еске сала кетейік, әйгілі әншінің Қазақстандағы алғашқы концерті 1 тамыз күні Астанада өтеді деп жарияланған болатын. Бұл жаңалық елде үлкен қызығушылық тудырды, ал билеттер небәрі 3 сағат 51 минут ішінде сатылып кетті.

Алматыдағы концертке билеттер қашан сатылымға шығатыны туралы қосымша ақпарат жақын арада жарияланбақ.

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да жұлдыздың концертіне билет сатып алғанын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы