Алматыда дауылды ескерту жасалды

27 Мамыр 2022, 17:35
1202
Бөлісу:
Алматыда дауылды ескерту жасалды

Алматы, BAQ.KZ. 28 мамырда кешке қатты жаңбыр күтіледі, кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жауып, батыстан жел соғады. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД-ті хабарлады.

Алматы қаласы ТЖД-сі 27 мамырдағы № 31 Қазгидромет ММ ескертуінің негізінде дауылды ескерту жасады.

28 мамырда кешке қатты жаңбыр күтіледі,  кей уақытта найзағай ойнап,  бұршақ жауып, батыстан жел соғады. 28 мамырда таңертен және күндіз, жел екпіні секундына 15-20  метрді құрайтынын, кей уақытта жел екпіні секундына 25 метрге дейін жететіні туралы хабарлаймыз,-делінген хабарламада.

ТЖД сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына найзағай мен жел кезінде ғимараттар мен үй-жайлардан  қажетсіз шықпауға шақырды. Көліктерді ағаштың астына қалдырмауға кеңес берілді.

Өзгелердің жаңалығы