Алматыда дәрігерлер ауыр жағдайда комаға түскен жүкті әйелді аман алып қалды

24 Ақпан 2023, 18:48
1626
Бөлісу:
Алматыда дәрігерлер ауыр жағдайда комаға түскен жүкті әйелді аман алып қалды
Фото: sputnik.kz

Алматылық дәрігерлер жол-көлік оқиғасынан кейін ауыр жағдайда комаға түскен науқасты аман алып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасынан кейін 35 жастағы алматылық Ақжан (ред. - аты-жөні өзгертілген) ауыр жағдайда комада жатқан жақын маңдағы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

2022 жылдың бірінші желтоқсанында 19 апталық жүктілік мерзімі бар науқас Алматы қаласының № 1 Қалалық клиникалық ауруханасына ауыстырылды және оның жағдайы бассүйек-ми жарақаты мен орталық жүйке жүйесінің зақымдалуына байланысты өте ауыр деп бағаланды. Сананың толық болмауы және сыртқы ортамен байланыс, жұтылу функциялары мен тыныс алу функцияларының бұзылуы, бауыр жеткіліксіздігімен және зәр шығару жүйесінің зақымдалуымен бірге-құтқару мүмкіндігі аз болды, - дейді дәрігерлер. 

Басқарма төрағасы Э. Қалиев пен медициналық директор Н. Байжігітова бастаған № 1 аурухана дәрігерлер тобы жас әйелдің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Кейде үміт жоқ сияқты көрінді, бірақ дәрігерлер күн сайын бір-біріне оптимизм сыйлап, барлық білімі мен тәжірибелерін Ақжанды құтқаруға бағыттап, өз істерін қажырлы түрде жасады.

Аталған медициналық мекемеде ем алған үш ай бойы пациент әртүрлі бейіндегі мамандардың көпсалалы тобының мұқият бақылауында болған. 

№ 1 ауруханада жұмыс істейтін Қазақстан-Корея оңалту медицинасы орталығының базасында Оңтүстік Кореяның Чхильгок ауруханасының Кенбуга университетінің оңалту саласындағы мамандары мен профессорлар құрамымен телемедицина сессиялары өткізілді. Оның барысында қалпына келтіру іс-шараларының тәсілі және осы пациент үшін оңалту перспективалары талқыланды.

Дәрігерлердің күш-жігерінің арқасында оңалтудың айтарлықтай нәтижелеріне қол жеткізілді: көптеген органдардың жеткіліксіздігінің барлық белгілері тоқтатылды, пациент өздігінен тыныс алады, тамақтанады, сөйлеу пайда болды, аяқ-қолдардағы есте сақтау және қозғалыс функцияларын қалпына келтіруі дамыды. Жағдайдың күрделілігін, пациенттің  жағдайын ескере отырып, № 1 МКБ емдеу шығындарының көп бөлігін өз мойнына алды.

Науқастың анасының айтуынша, аурухана мамандары қызын күн сайын жаңа туған нәресте сияқты көңіл бөлгенін айтты: 

Ұзақ емдеуден кейін қызым жақсарып, айналасындағыларға жауап бере бастағанда, дәрігерлер мені – ананы көбірек қуантты! Бұл таң қалдырды және жанның тереңдігіне әсер етті. Мұндай көзқарастан кейін сіз оларға қалай бас ие алмайсыз?! Әуелі Құдайға, сосын ақ халатты періштедей болған № 1 аурухананың барлық медициналық қызметкерлеріне, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына алғысымды айтамын. Осындай өз ісін білетін мамандар арқасында ол екінші рет қайта туылды десем артық емес, ал оның дүниеге енді келетін сәбиі өмір сүруге мүмкіндік алды, - деп ағынан жарылды науқастың анасы. 

Бұл жағдайдың бірегейлігі – алған жарақаттарына және жағдайдың ауырлығына қарамастан, Ақжанды құтқарып қана қоймай, жүктілікті де сақтап қалды. Бір таңқаларлығы, мұның бәрі ұзақ уақыт бойы әйелдің өмірі үшін күресте оның ішіндегі бала өмір сүріп, дамыды.    

Әйелді қорқынышты апатқа дейінгі өміріне қайтару, оған ана болу қуанышын қайта сезінуге мүмкіндік беру және көктемнің иісін жұтып, бір күні қолында нәрестемен қалай шығатынын көру үшін әлі де көп жұмыс атқарылатыны сөзсіз.

Өзгелердің жаңалығы