Алматыда кәсіпқой бокс кеші аяқталды

23 Қыркүйек 2020, 23:12
1957
Бөлісу:
Алматыда кәсіпқой бокс кеші аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші аяқталды.

Sports.kz сайтының мәліметіне қарағанда, көрерменсіз өткен дода нәтижесінде Қазақстан спортшылары өзбекстандық қарсыластарынан басым түсті.

Кездесу нәтижесі: 

Екінші жартылай жеңіл салмақ. Жартылай финал (Golden contract) 

Нұрболат Бекбауов (1-0, 1 КО) - Нұрдос Жұмақ (дебют) - Бекбауов екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді; 

Заманбек Данабеков (1-1, 0 КО) - Торғынбек Әміров (1-0, 0 КО) - Әміров төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті; 

Әлімжан Тұрсынов (3-0, 2 КО) - Вячеслав Салибаев (0-1) - Тұрсынов төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті; 

Нұрсұлтан Исахан (1-0, 0 КО) - Асылбек Тастүлек (0-1) - Исахан төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. 

Екінші орташа салмақ. Ширек финал (Golden contract) 

Әділет Дәмешов (0-1) - Мирас Ертанов (1-0, 0 KO) - төрешілердің көпшілік дауысымен Ертанов жеңіске жетті; 

Дарын Имаханов (1-0, 0 КО) - Жанболат Әкімқұл (0-1) - Имаханов төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті; 

Нұрбол Сұлтанбай (2-0, 1 КО) - Мирас Жеңісов (0-1) - Сұлтанбай төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті; 

Абылайхан Бітімов (2-1, 2 КО) - Ерасыл Акранбек (1-0, 0 КО) - төрешілердің шешімімен Акранбек жеңіске жетті; 

Негізгі кард.

Рай Сейітжанов (4-0, 1 КО) - Берікбай Нұрымбетов (5-2, 1 КО) - Сейітжанов бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді; 

Рахат Сейітжан (2-0, 2 КО) - Шавкат Халилов (Өзбекстан, 7-3, 1 КО) - Сейітжан бірінші раундта нокаутпен жеңді; 

Талғат Шайкен (2-0, 1 КО) - Бахром Паязов (Өзбекстан, 22-14, 15 КО) - Шайкен бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді; 

Нұртас Әжбенов (10-0, 4 КО) - Аркадий Арутюнян (Армения, 4-12, 1 КО) - Әжбенов төрешілердің бірауызы шешімімен жеңіске жетті; 

Еділ Қожамбердиев (10-2, 10 КО) - Мухитдин Раджапбаев (Өзбекстан, 12-8-1, 8 КО) - Қожамбердиев төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Өзгелердің жаңалығы