Алматыда биыл Құрбан айт қалай өтеді?

26 Маусым 2023, 15:53
1328
Бөлісу:
Алматыда биыл Құрбан айт қалай өтеді?
Фото: muftyat.kz

Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан онлайн брифинг барысында алдағы Айт кезінде құрбандық шалу рәсімі қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласындағы мешіттерде Құрбан айтқа қатысты мерекелік шаралар яғни, мерекелік дастархан жаю, балаларға айттық тарату, бүлдіршіндер үшін арнайы батут құру, ұлттық ойындар т.б. ұйымдастырылады.

Еске салайық, Құрбан айт мерекесіне орай, Алматы Орталық мешіті, «Бекет ата», «Мырзахмет», «әл-Мәдина», «Абдулла», «Райымбек батыр», «Нұр-Мүбарак», «Ынтымақ» және «Мұхамед әл-Әмин» мешіттерінің аулаларына киіз үйлер құрып, жамағатқа дәстүрге сай дәм ұсынылатын болады.

Алматы қаласындағы 54 мешітте айт намазы таңғы сағат 06:00-де оқылады. Айтулы мерекенің басты ғибадаты – құрбандық шалу рәсіміне мұсылман жұртшылығы осы айт намазын оқыған соң кіріседі.
Ұлық мереке Құрбан айт күндері әрбір шамасы жеткен мұсылман баласы құрбан малын шалып, Алла алдындағы міндеттерін өтейді. Осыны ескере отырып, биылғы жылы 28-29-30 маусым Құрбан айт күндері Алматы қаласы әкімдігі санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау мақсатында, құрбандыққа шалынатын малдарды сою және таратуға рұқсат етілген арнайы 15 орынды бекітті. Аталмыш орындарда мешіт қызметкерлері құрбандық шалудың шариғат талаптарына сай өтуін қадағалап, діни рәсімдерді атқарады,- дейді Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан.

Сондай-ақ, «Нұр», «Қыстаубайұлы Манас», «Қарасай батыр», «Бақыткелді», «Әл-Хамид» «Райымбек батыр», «Қарағайлы», «Түркісб», «Әскер ата», «Арафат», «Орбита» және «Нұр» (Ақжар) мешіттерінде мұқтаж отбасыларға айттық қоржындар таратылады.

Алматы қаласының бас имамы Алатау ауданындағы «Кіші Мөңке би» көшесінде арнайы әзірленген орындардан құрбандық малдарын сатып алуға болатынын атап өтті.

Алматы қаласындағы құрбандық етін алуға өтініштер «qurban2023.kz» сайты арқылы қабылданады. Онлайн құрбандық шалу рәсімі – «Алтын Орда» базарының маңындағы Абай ауылында орналасқан «Алтын сақа» мал базарында жүргізіледі. Қала тұрғындары «Алтын сақа» мал базарына да келіп, мал сатып алып, сол жерде құрбандығын шалуына болады, - дейді Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан.

Алматы қаласында құрбандық шалуға рұқсат етілген орындар:

1. Алатау ауданы бойынша:
1. «Мырзахмет» мешіті. «Қарасу» ы/а, Солтүстік айналым к-сі, 15 үй.
2. «Әскер ата» мешіті. Әйгерім-1 ы/а, Бенберин к-сі, 18/4. 
3. «Алғабас» мешіті. Алғабас ы,а; Ақбөпе к.,6.

2. Әуезов ауданы бойынша:
1. «Таугүл» мешіті. Таугүл-3 ы/а, Паримбетов к-сі, 9а.

3. Бостандық ауданы бойынша:
1. «Бақыткелді» мешіті. Хан-Тәңірі ы/а, Дулати, 27/11.

4. Медеу ауданы бойынша:
1. Алматы Орталық мешіті. Пушкин к-сі, 16. 
2. «Омар ибн Әл Хаттаб» мешіті. Жуков к-сі, 136 а.
3. «Аманқұл ата» мешіті. Т.Бигелдинов к-сі, 5
4. «Фатима» мешіті. Ш.Жәнібек к-сі 148.
5. «Райымбек батыр» мешіті. Думан-1 ы/а, Хан Тәңірі к-сі, 15.
6. «Арафат» мешіті. Ибрагимова к-сі, 5 а

5. Наурызбай ауданы бойынша:
1. «Қалқаман» мешіті. Қалқаман-2 ы/а, Аспандияров к-сі, 84.

6. Түрксіб ауданы бойынша:
1. «Қайрат» мешіті. Қайрат ы/а, Сарымулдаев к-сі, 22.

7. Жетісу ауданы бойынша:
1. «Вайнах» мешіті. Айтықов к-сі, 1а.
2. 
Аталған орындарда мешіт қызметкерлері халыққа құрбандық шалу рәсіміне қатысты қызметтерді атқаратын болады.
Фото: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өзгелердің жаңалығы