Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда бірқатар автобустың бағыттық нөмірі өзгертілді

6 Қаңтар 2024, 19:47
333
Бөлісу:

Алматыда бірнеше автобус маршрутының нөмірі өзгертілді. Бұл туралы Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нөмірлер қайталанбас үшін мына маршруттардың нөмірі өзгертілді:

№20а №58 болып өзгертілді;

№104а №139 болып өзгертілді;

№115а бағыт №136 болып өзгертілді;

№125а бағыт №143 ш болып өзгертілді (мектептегі оқу маусымы кезінде жарамды);

№133а бағыт № 144 ш болып өзгертілді (мектептегі оқу маусымы кезінде жарамды)

Өткен жылдың соңында Алматының коммуналдық автопаркіне газбен жүретін 500 жаңа автобус жеткізілді. Осылайша, қоғамдық көліктің экологиялық отын түріндегі үлесі 53%-ға жетті.

 

Өзгелердің жаңалығы