Бет күтімін қалай жасау керек. Косметолог кеңесі

6 Қаңтар 2024, 19:37
9459
Бөлісу:
Бет күтімін қалай жасау керек. Косметолог кеңесі
Фото: жеке мұрағаттан

Бұл туралы косметолог Жанна Абсеева атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, үй жағдайында күтім жасау бет әлпетін жақсартып, теп-тегіс, жылтырап тұруға мүмкіндік береді.

Үйде күтім көрмейтін бет бірден көрініп тұрады. Бет терісі құрғап, қара ұсақ дақтар, майлы бөрпелер, қызару, шаршау, әжім, ісіну бірден білінеді. Ал күтім көрген бет жарқырап, теп-тегіс, жылтырап, аппақ, әдемі болып көзге түседі. Сол үшін үй жағдайында маска жасап, бетті тазартып жуатын заттарды дұрыс пайдаланған жөн. Бетіме кері әсерін тигізіп аламын деп ешбірін пайдаланбаудың бет терісінде түрлі дақтар мен әжімдердің пайда болуын әсер ететінін естен шығармаңыз, - дейді Жанна Абсеева.

Косметолог бет терісін жас кезінен бастап қолға алуды жөн көреді.

Бетті күтуді 20 жастан бастау керек. Өйткені терідегі маңызды гиалурон қышқылы 25 жастан кейін азая бастайды. Сондықтан бет күтімі де күшейе түсуі қажет. Яғни түрлі витаминдер ішіп, гиалурон қышқылының инъекциясын алып тұрған дұрыс. Одан бөлек, бетке массаж жасау керек. Сонымен қатар ұйқының да уақытымен болғаны бетке әсер етеді. Дәлірек айтқанда, бет – біздің айнамыз. Яғни ішкі құрылысымыз дұрыс жұмыс істемесе, бәрі беттен көрініп тұрады. Сол себепті бүкіл организмді бір қалыпта ұстап отыру керек. Ол үшін түрлі дәрумендер ішіп, таза ауада көп жүру қажет, спортпен де шұғылдану бет терісіне оң әсерін тигізеді. Мысалы, ағзаға оттегі дұрыс жетіп отырса, тері де ажарлана түседі. Жоғарыда атап өткенімдей, көп ұйықтаған бетке пайдалы, – дейді Жанна Абсеева.

Өзгелердің жаңалығы