Алматыда "Бетперде киіңіз" акциясы кеңінен насихатталуда

26 Шілде 2020, 14:04
2338
Бөлісу:
Алматыда "Бетперде киіңіз" акциясы кеңінен насихатталуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Идея мегаполис еріктілерінің жедел штабына тиесілі. Коронавируспен күресуге бағытталған челлендж қала тұрғындарын бетперде киюге шақырады.

Ұйымдастырушылар жапсырмаларды автокөліктер, таксопарктер мен қоғамдық көліктерге желімдеп таратуды жоспарлап отыр.

Бұл бастаманы белгілі тұлғалар Бейбіт Әлібеков, Қайрат Құдайберген, Айқын және Айдана Меденовалар алғашқылардың бірі болып қолдап, стикерлерді өздерінің жеке көліктеріне жапсырып алды. Барлығы бір адамдай қауіпті вирустың таралуына жол бермеу үшін бетперде режимін сақтауға шақырады.
Ұйымдастырушылар челленджді айдың соңына дейін жалғастыруды жоспарлап отыр. Осы уақыт аралығында олар мегаполистің барлық 8 ауданын қамтып, 4 мыңға жуық перфорацияланған стикерлерді таратпақшы, - делінген хабарламада.

Қалада төтенше жағдай және карантин режимі жарияланған сәттен бастап жастар мен еріктілер ұйымдары қала әкімдігінің қолдауымен еріктілердің жедел штабын құрды. Осы күнге дейін штаб азаматтарға көмек көрсету бойынша барлық мүмкін болатын іс-шаралар мен түрлі акциялар өткізуде.

Өзгелердің жаңалығы