Алматыда Байсейітова алаңына Денис Теннің есімі берілуі мүмкін

26 Қазан 2023, 13:08
615
Бөлісу:
Алматыда Байсейітова алаңына Денис Теннің есімі берілуі мүмкін
Фото: Әлішер Ахметовтің жеке мұрағатынан

Алматыда Денис Теннің есімін Байсейітова алаңына беру туралы ұсыныс қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласының әкімдігі Күләш Байсейітова атындағы алаңды Денис Теннің құрметіне атау туралы ұсынысты қарастырып жатыр.

Алматылық Әлішер Ахметов әкімдікке мәнерлеп сырғанаушы қаза болған алаңды Денис Теннің есімімен атауды ұсынды. 

Әкімдік қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне К. Байсейітова алаңындағы қалпына келтірілген саябақты атау керек деген өтінішімді қабылдады. Оны ономастикалық комиссия қарайды, – деді Әлішер Ахметов.

К. Байсейітова атындағы саябақ былтырғы жылы абаттандырылып, қолданысқа берілді. Бұл маңайда спорт, балалар алаңдары бой көтерген. Демалушыларға арналып, теннис, шахмат үстелдері қойылған. 

Еске сала кетейік, 2018 жылдың жазында Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысындағы скверде атақты қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қаза тапты. Бір жылдан кейін қайтыс болған жерде спортшыға ескерткіш орнатылды.

Өзгелердің жаңалығы