Алматыда «Бақытыңды аяла» фильмінің тұсаукесері өтті

25 Наурыз 2023, 15:15
2343
Бөлісу:
Алматыда «Бақытыңды аяла»  фильмінің тұсаукесері өтті
Фото: автордан

Алматыда режиссер Еркін Рақышевтың «Бақытыңды аяла»  фильмінің тұсаукесері өтті, хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Фильм мейірімділік пен  қайырымдылық, адамгершілікті насихаттайды.

Фильмде қазақ жастарының жай-күйі мен «COVID-19» кезінде өмір үшін күрескен адамдардың жағдайы бейнеленген. Жастайынан жетімдіктің күйін кешкен Қуат есімді кейіпкер ауруханада ерікті бола жүріп Аржан есімді қыздың өмірін сақтап қалады. Осылайша, екі жастың арасындағы махаббат, түрлі  түсінбестік пен  шытырман оқиғалар пайда болады.

Бұл фильмді түсіруге 30 мың АҚШ долларын жұмсадық. Бір-біріне жаны ашымайтын заманда, осындай фильмдер керек. Сонда, қоғамда жанашыр адамдар көбейеді. Менің осы уақытқа дейін түсірген фильмдердің барлығы қоғамдағы жайттарды айқындайды. Актерларымыз да кәсіби мамандар емес, өзім лайықты деп тапқандар. Қаражат жағынан көптеген қиындық көрдік. Ешқандай мемлекеттің не болмаса жеке тұлғаларды қаражатына түсірілмеді. Адамдардың жүрегіне жылу сыйлайтын фильмді еліміздің барлық кинотеатрынан тамашалай аласыздар, – дейді режиссер Еркін Рақышев.

Алматыда «Бақытыңды аяла»  фильмінің тұсаукесері өтті

Фильмде  құрылыста істеп жүрген жұмысшылар арасында «Дағдарыстан қалай шығамыз, қымбатшылық пен кедейшіліктен қалай құтыламыз?» деген пікірталас болады.  

Мен кәсіби актер емеспін. Киноға келуім де қызық болды.  Екі дипломым болса да даяшы болып жұмыс жасаймын. Бір күні осы фильмге кастинг жарияланып, мен бара алмай қаламын. Осылайша Еркін ағам өзі келіп мені кинода бір рөльді ойнауға жарайтынымды айтып қуантты. Фильмде мен мейірімді, жақсылыққа жаны құштар жастың бірін сомдаймын. Бұл фильмде ойланар дүние өте көп. Фильмді түсірерде қызықты сәттер көп болды. Барлығына рахметімді айтамын, – дейді фильмнің басты кейіпкері Абай Мәжитов. 

Өзгелердің жаңалығы