Алматыда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау басталады

31 Наурыз 2023, 18:31
663
Бөлісу:
Алматыда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау басталады
Фото: qazaqstan.tv

Балаларды бірінші сыныпқа тіркеу 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өтінімді egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн беруге болады. Ата-аналардың өтініші бойынша құжаттарды дәстүрлі қағаз түрінде де өткізуге рұқсат. Бірінші сыныпқа 6 жастан бастап қабылданады.

Даярлық деңгейіне қарамастан мектепте жақын маңдағы барлық бала оқуға құқылы. Егер бос орын болса, кез келген мемлекеттік мектепке тіркелуге болады. Ал өтінім беру үшін тұрғылықты жерді растайтын тіркеу (уақытша немесе тұрақты) қажет.

Өтініш беру үшін тіркеу қажет: тұрғылықты жерін растайтын уақытша немесе тұрақты. Биыл 1-2 сәуір демалыс күндеріне сәйкес келетіндіктен, барлық өтінім 3 сәуірден бастап пысықталады. Құжатты қалай өткізуге болатынын  сілтеме бойынша көріңіз.

Өзгелердің жаңалығы