Алматыда «Бақытты отбасы» орталықтарында 33 мың отбасы тіркелді

18 Наурыз 2021, 21:15
2659
Бөлісу:
Алматыда «Бақытты отбасы» орталықтарында 33 мың отбасы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ӨКК-де өткен брифингіде қалалық «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Зульфия Байсакова көпбалалы аналарға қолдау көрсету шаралары туралы айтып берді.

Аз қамтылған отбасыларына жан-жақты көмек көрсету мақсатында, 2019 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласының әр ауданында «бір терезе» қағидаты бойынша «Бақытты Отбасы» орталықтары жұмыс атқарып келеді. 

Бүгінгі күні қаланың әр ауданында орналасқан 9 орталықтың есігі ашық.

Орталықтың мақсаты - Алматы қаласында тұратын әлеуметтік жағдайы осал отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартып, экономикалық тәуелсіздігін нығайтып қана қоймай, сонымен қатар өмірлік қиын жағдайдан шығулары үшін жеке мотивацияларын нығайту.
 
Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында «Бақытты Отбасы» қалалық орталығының қызметін жүзеге асыру мақсатында «Дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігімен келісімшарт жасалды. Ағымдағы жылдың 7 ақпанынан бастап аудандық Орталықтардың қызметін жүзеге асыру үшін «AQ-ALEM - Аналардың құқығын қорғау» ҚҚ-мен (Алатау ауданы), «Білім беру технологиялары мен бастамалары қоры» ҚҚ-мен (Алмалы ауданы), «Асыл Жүрек білімді, денсаулық сақтауды, мәдениет және спортты қолдау орталығы» ҚҚ-мен (Әуезов ауданы), «Кеңес» МҚБ-мен (Бостандық ауданы), «Зиялылар» ҚҚ-мен (Жетісу ауданы), «ISKER қолдау Орталығы» ҚҚ-мен (Медеу ауданы), «Қазақ-герман бағдарламасы түлектерінің қауымдастығы» ҚБ-мен (Наурызбай ауданы) және «Түрксіб аудандық көп балалы отбасылар одағы» ҚБ-мен (Түрксіб ауданы) келісімшарттар жасалды.

Бұл орталықтарда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар келесі мамандардың кеңестерін тегін ала алады:

 - заңгерлердің тұрғын үй қатынастары, АӘК тіркеу, құжаттарды қалпына келтіру, алименттер және т.б сұрақтары бойынша;
 - психологтардың балаларды тәрбиелеу, тренингтер өткізу, қиын өмірлік жағдайдан шығу, отбасы ішіндегі жанжалдарды шешу және т.б. мәселелер бойынша;
 - әлеуметтік қызметкерлердің отбасының қажеттіліктерін анықтау, жеке жұмыс жоспарын құру және т.б
- 2 айдан бастап 5 жасқа дейін балаларды қабылдайтын жоғары санатты педиатр және балалардың денсаулығына байланысты жиі кездесетін мәселелер бойынша профилактикалық әңгімелер (диарея, безгек, құлақ).

Сонымен қатар «Бақытты Отбасы» орталықтарында ағылшын тілін үйрену, визаж, массаж, шаштараз, пішу және тігу, гимнастика, аспаздық, тоқыма, тігін, компьютерлік біліктілік және т.б курстар, түрлі бағыттар бойынша балаларға арналған үйірмелер арт-терапия, гимнастика, математика және логика, шахмат, ағылшын, тоқу, логопед қызметі курстары тегін өткізіледі.

Осы уақытқа дейін «Бақытты Отбасы» орталықтарында 33 мыңнан астам адам тіркелді 54 мың адамға - ақпараттық-кеңестік көмек және ресурстық қолдау көрсетілді. 29 мың адамға - әдістемелік және заңгерлік көмек, 4 мың адамға салауатты өмір салты бөлмесінің қызметі ұсынылды. 29 мың адам «Бақытты отбасы» орталығының базалық тренингтерінен өтті. 20 мыңнан астам адам оқыту курстарынан өтті, - делінген хабарламада.   

Сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасылар заңгердің, психологтың, үйлестірушілердің және HR-менеджерлердің консультацияларын онлайн немесе телефон арқылы ала алады. Мастер-класстар, аналар мен балаларға арналған оқыту курстары WhatsApp мессенджерлерінде және Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы онлайн өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы