Алматыда әйелді өз үйінің алдында атып кеткен

5 Ақпан 2024, 15:37
1061
Бөлісу:
Алматыда әйелді өз үйінің алдында атып кеткен

Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын үй алдында жасалған қылмыс жайлы бейнежазба тарады, деп хабарлады Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде әйелді атып кеткен. Бейнежазбадан полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметкерлерінің оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын көруге болады. 

Кадр сыртындағы адамның айтуынша, зардап шеккен әйелді бұрынғы күйеуі атып кеткен.

Көршімізді бұрынғы күйеуі атып тастады. Екі оқ жатыр, – дейді бейнежазба түсіріп тұрған адам.

Сондай-ақ бейнежазбаның сипаттамасында қылмысқа қатысы бар деп айтылған кәсіпкердің бұған дейін бұрынғы әйелінің интим видеосын таратқаны үшін ұсталғаны айтылған. Алматы қаласының Полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған бұл мәліметке ресми түсініктеме берді.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл қылмыстың "ізін суытпай" ашылғанын хабарлайды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді, – деп хабарлайды Алматы қаласының Полиция департаменті.

Өзгелердің жаңалығы