Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған адам ұсталды

11 Сәуір 2024, 11:07
370
Бөлісу:
Алматыда  автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған адам ұсталды
Фото: скрин

Жолаушы қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік жүргізушісіне дене жарақатын келтірген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бостандық ауданында бүгін таңғы 8:00 шамасында 98-бағыттағы автобуста 38 жастағы жолаушы бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Аталған жағдайға Алматы қалалық ПД түсінік берді.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Күдікті өзін қорғау үшін, жұмысқа кешігіп бара жатқандықтан, жүргізушіден тезірек жүруін сұрағанын айтты. Алайда жанжалдың себебі де осы кикілжің болған, – дейді, Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. Конституцияның 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Өзгелердің жаңалығы