Алматыда автобус өртенді

25 Сәуір 2024, 15:45
240
Бөлісу:
Алматыда автобус өртенді
Фото: Алматы қаласы ТЖД департаменті

Алматыда Райымбек пен Сүйінбай көшелерінің қиылысында автобус өртенді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға ТЖД департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. 

Бүгін сағат 15.05- те Жетісу ауданы, Райымбек даңғылы Сүйінбай көшесінің қиылысында автобустың жанғаны жайлы хабарлама түсті. ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – дейді баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы