Алматыда ТЖД бөлім басшысы пара алғаны үшін сотталды

24 Желтоқсан 2020, 17:27
1747
Бөлісу:
Алматыда ТЖД бөлім басшысы пара алғаны үшін сотталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Түрксіб аудандық соты аталған ауданның Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұржан Нұрташевқа және «Хозу-Алматы» ЖШС-нің бас директоры Бирюковке қатысты істі қарады.

Нұрташев пара алу үшін жеке компания басшыларынан бірнеше рет бопсалады деп айыпталған болатын. 

Нұрташев «Хозу-Алматы» ЖШС бас директоры Бирюковтің коммерциялық әрекетіне қорғаншылық жасау мақсатында 20 мың теңге сомасында пара алған. Сондай-ақ тағы бір жеке компаниядан өртке қарсы қауіпсіздік шараларының сақталмауына қатысты 840 000 теңге алған, - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Сот Нұрташевті жеті жылға бас бостандығынан айырды. Бирюков бір жыл колонияда жазасын өтейді. Оған қоса, сотталушылар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Өзгелердің жаңалығы