Алматыда ауа сапасын анықтайтын 350 құрылғы орнатылады

6 Тамыз 2019, 15:16
1683
Бөлісу:
Алматыда ауа сапасын анықтайтын 350 құрылғы орнатылады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда ауа құрамын анықтайтын 350 құрылғы орнату жоспарлануда. Бұл туралы қалылық Жасыл экономика басқармасы хабарлады.

Бұл құрылғылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының класификациясы бойынша негізгі 6 элементті анықтайды. Оның қатарында күкірт доксиді (SO₂), азот доксиді (NO₂), көміртегі тотығы (CO), озон (O₃) және PM₂ˌ₅ мен PM₁₀ бөлшектері бар.

Мамандардың айтуынша, құрылғыларды орнату арқылы ауадағы өзгерістерді күн сайын нақты біліп отыруға болады. Осылайша ауаға тарайытын зиянды қалдықтарды жылына 5% төмендетуге болады деген болжам жасалуда.

Сонымен қатар, Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасымен қаланың экологиясын жақсартуға бағытталған көптеген шаралар іске асырылуда. Мәселен, қоғамдық көліктердің құрамын 100%-ға өзгерту мәселесі ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды жылына 2,33мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Өзгелердің жаңалығы