Алматыда «Әскер барысы 2023» турнирі өтеді

15 Наурыз 2023, 14:46
1182
Бөлісу:
Алматыда «Әскер барысы 2023» турнирі өтеді

Әскери қызметшілер арасында қазақ күресі бойынша «Әскер барысы» атағына іріктеу турнирі 16 наурызда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Алматы қаласының орталық спорт клубының базасында өтеді.

«Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен күш құрылымдарының 28 командасының елу алты мықты палуаны (ҚР ҚК, ҚР ІІМ, ҚР ІІМ ҰГ, ҚР ҰҚК, ҚР МКҚ) «Әскер барысы» атағы үшін бескасыз күреске кіріседі. 

Турнирдің финалистері қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алады.» - ҚР Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының төрағасы Ольга Шишигина айтты.

Өзгелердің жаңалығы