Алматыда алты магистральдық көше ұзартылады

4 Наурыз 2024, 14:48
401
Бөлісу:
Алматыда алты магистральдық көше ұзартылады
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыдағы магистральдық көшелерді ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық мобилділік басқармасы хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Жер телімінің сатып алынуына қарай Төле би көшесін қала шекарасына дейін ұзартылып жатыр, ұзындығы 4,5 км жоба екі учаскеге бөлінген. Жұмыс 2025 жылдың соңына дейін аяқталады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар биыл Хмельницкий көшесін (4,3 км) және Райымбек даңғылын (2,6 км) Талғар тас жолына дейін ұзартып салу жұмыстарын құрылысын бастау жоспарланған. Мұқанов көшесін Мақатаев көшесіне дейін және Жұбанов көшесін қала шекарасына дейін ұзартуға қажетті жобалық құжаттама әзірленді. 

Биыл Оңғарсынова көшесін Райымбек даңғылына дейін ұзарту басталады. 

Бұрын хабарланғандай, жыл соңында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы, ал 3-тоқсанда Сайын көшесі мен Мөңке би көшесінің қиылысында жолайырықты пайдалануға беру көзделген. 

Жыл соңына дейін Сайын көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін және Абай даңғылын Строительная көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аяқталады. 

Жаңа көшелер салу қаланың көлік инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы