Алматыда алдағы жылдары қай көшелер ұзартылатыны белгілі болды

29 Ақпан 2024, 16:05
393
Бөлісу:
Алматыда алдағы жылдары қай көшелер ұзартылатыны белгілі болды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы Алматы әкімінің Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аудан тұрғыны сұрақ-жауап сессиясы кезінде қала басшысынан Наурызбай ауданындағы ірі көшелердің ұзартылуы жайлы сұрады.

Тұрғындар Шаляпин және Жандосов көшесінің жоғары жағы қашан ұзартылатынын білгісі келеді, – деді ол.

Айтылған сұраққа Алматы қаласы мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев жауап берді.

Қазір Наурызбай ауданы бойынша біз Төле би және Жұбанов көшелерін 2025 жылға дейін ұзарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Шаляпин көшесі жоспарда бар, бірақ әзірге оған жобалау-сметалық құжаттама әзірленген жоқ. Жандосовтың жоғарғы трассасына 2026 жылға дейін реконструкция жасалады, оған жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, – деп атап өтті Сағындық Телібаев.

Өзгелердің жаңалығы