Алматыда «Әбілхан Қастеев. Ғасыр мұрасы» атты көрме өтеді

14 Қаңтар 2024, 15:12
658
Бөлісу:
Алматыда «Әбілхан Қастеев. Ғасыр мұрасы» атты көрме өтеді
Фото: gov.kz

Биыл қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР Халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы аталып өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аса көрнекті кескіндемеші, график - қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің картиналары өзіндік стилімен және туған жеріне деген сүйіспеншілігімен ерекшеленеді. Суретші 1100-ден астам туындылар жасады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерді, Қазақстан Халық суретшісінің туғанына 120 жыл толуына арналған «Әбілхан Қастеев. Ғасыр мұрасы» атты көрмеге шақырамыз.

Көрменің салтанатты ашылуы 2024 жылдың 17 қаңтарында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейінде өтеді.

Экспозиция ХХ ғ. көрнекті қазақ суретшісінің шығармашылығының қалыптасуы туралы баяндайды. Экспозицияға ХХ ғасырдың ең маңызды тарихи кезеңдерін бейнелейтін 300-ден астам көркем және графикалық туындылар қойылған.

Өзгелердің жаңалығы