Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда 900-ден астам адамды кене шаққан

15 Мамыр 2025, 11:34
530
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қаладағы бес медициналық ұйымның травматологиялық бөлімдерінде кене шаққандарға көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Алмптыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.

Жыл басынан бүгінге дейін медициналық ұйымдарға кене шаққан 914 адам жүгінген, бұл өткен жылмен алыстырғанда бір деңгейде (2024 жылы осы кезеңі – 905). 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 47,1% (409 бала). Барлық көмекке жүгінген адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин салынды. Жыл басынан бері кене инфекциялары жағдайлары (кене энцефалиті, кене боррелиозы) тіркелген жоқ, - деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Маман кене шағып алған жағдайда мүмкіндігінше ертерек 4 күннен кешіктірмей медициналық мекемеге жүгіну қажеттігін атап өтті.

Қалада кене шағуынан зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек 5 медициналық ұйымның травматологиялық пункттерінде көрсетіледі. Орталық қалалық клиникалық аурухана, №4 қалалық клиникалық аурухана, №7 қалалық клиникалық аурухана, Шұғыл жедел көмек көрсету ауруханасы – қаланың ересек тұрғындарына қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, медициналық жедел жәрдем көрсететін балалар орталығы – балаларға көмек көрсетеді. Кене шағып алған жағдайда мүмкіндігінше ертерек 4 күннен кешіктірмей дәрігерге қаралу қажет, - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы.

Өзгелердің жаңалығы