Алматыда 9 елдің министрі "Олимпиадалық даярлау орталығының" жұмысымен танысты

23 Мамыр 2024, 17:58
757
Бөлісу:
Алматыда 9 елдің министрі "Олимпиадалық даярлау орталығының" жұмысымен танысты
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда тоғыз елдің министрлері "Олимпиадалық даярлау орталығы" спорт кешенінің жұмысымен танысты.Кездесу барысында спорт басшылары "Таза Қазақстан" акциясы аясында ағаш отырғызды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы облысының аумағында орналасқан спорт нысандарында бір уақытта 2300 спортшы шыныға алады.

Алматыда 9 елдің министрі "Олимпиадалық даярлау орталығының" жұмысымен танысты

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты басшылар орталықтың жұмыс барысымен танысты. Олимпиадалық даярлау орталығы – ТМД-дағы ең ірі спорт кешендерінің бірі саналатын инфрақұрылым халықаралық стандарттарға сай салынған. Алты елдің министрлері орталықтың жұмысына таңданып, ерекше баға берді. Болашақта республикалық, әлемдік жарыстарды осы жерде өткіземіз деген үміттеміз. Спорт басшылары "Таза Қазақстан" акциясы аясында еліміздің спортшыларымен ағаш отырғызды. Болашақта бұл жер көркейген, жасыл аймаққа айналары сөзсіз, - дейді ҚР Туризм және спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшәріп.

Алматыда 9 елдің министрі "Олимпиадалық даярлау орталығының" жұмысымен танысты

Орталықты аралау барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері спортшыларымызбен танысып, оң бағасын берді.

Алматыда 9 елдің министрі "Олимпиадалық даярлау орталығының" жұмысымен танысты

Бүгінгі күн тарихи сәт болып жатыр. Біздің орталығымызды тоғыз елдің басшылары көріп, танысып жатыр. Орталық жастарымызға таптырмас мүмкіндік беріп, жарыстарда жеңіске жетуіне септігін тигізіп келеді. Мұнда спорттың 23 түрі бойынша олимпиадалық резерв пен ұлттық құрама командалары даярланады. Бұрындары мұндай орталық болмаған еді. Жастарымыз алаңсыз дайындалып, өз шеберліктерін шыңдап жатыр, - дейді Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері, әлем және Азия чемпионы Елдос Сметов.

Алматыда 9 елдің министрі "Олимпиадалық даярлау орталығының" жұмысымен танысты
Алматыда 9 елдің министрі "Олимпиадалық даярлау орталығының" жұмысымен танысты
Алматыда 9 елдің министрі "Олимпиадалық даярлау орталығының" жұмысымен танысты
Алматыда 9 елдің министрі "Олимпиадалық даярлау орталығының" жұмысымен танысты
Алматыда 9 елдің министрі "Олимпиадалық даярлау орталығының" жұмысымен танысты
Өзгелердің жаңалығы