Алматыда 850 мыңнан астам көлік бар. Қалада көлік тұрағы тапшы

22 Маусым 2023, 13:47
920
Бөлісу:
Алматыда 850 мыңнан астам көлік бар. Қалада көлік тұрағы тапшы
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала әкімі БАҚ өкілдерінің «Алматыда көлік саны артып келеді, көлік тұрағы тапшы. Тіпті, ақылы тұрақтарда орын болмайды. Бұл мәселе қалай шешіледі?» деген сауалына жауап берді.

 Алматыда 550 мыңнан астам көлік тіркелген. Күн сайын “Сергек” бақылау жүйесі арқылы анық болғанындай, 300 мыңға жуық басқа қаланың көлігі кіреді. Сонда қаламызда бір күнде 850 мыңнан астам көлік жүреді. Сол себептен көліктерді қоятын тұрақтардың тапшылығы сезіледі. Қала ескі инфрақұрылымға негізделген. Сол себептен қаланың 8 ауданында көп қабатты көлік тұрақтарын салуды жоспарлап отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, былтыр A-Parking ақылы автотұрағы қала меншігіне қайтарылды. Мегаполистің орталығында 12 мыңнан астам тұрақ бар. Қала меншігіне қарамайтын тұрақтарды да қалаға қайтаруды жоспарлап отырмыз, – деді Ерболат Досаев. 

Әкімнің айтуынша, Алматыдағы A-Parking ақылы автотұрақтарынан түскен қаражат қаланың экономикасын арттыруға бағытталады. 

 Қаражаттың барлығы қала әкімдігіне түседі. Дегенмен, қаражаттың жартысы 8 ауданға бөлінеді. Сол маңдайда жаңа көлік тұрақтарын салуды қолға аламыз. Бұдан бөлек, аулалардағы тұрақтарды заманауи тұрақтарға айналдыру көзделуде. Көп қабатты тұрақтарды алдымен «Ұлттық Банктің» аймағында салуды жоспарлап отырмыз, – дейді Ерболат Досаев.

Өзгелердің жаңалығы