Алматыда 5000-ға жуық тегін кітап таратылды

9 Қыркүйек 2023, 16:36
934
Бөлісу:
Алматыда 5000-ға жуық тегін кітап таратылды
Фото: автордан

Алматыда Kitap Fest Almaty 2023 кітап фестивалі Арбатта өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Аталмыш іс-шараны «BAURZHAN foundation» қоры ұйымдастырды. Фестиваль аясында «Жазушылар шатыры». Кітаптардың тұсаукесері, авторлар мен жазушылармен сұхбат өткізілді.

Алматыда 5000-ға жуық тегін кітап таратылды
Алматыда 5000-ға жуық тегін кітап таратылды

Біз мектепте зертеліп жазылған оқулықтарды алып келдік. Мұнда ҰБТ-ға дайындық, қосымша материалдар, мектептің оқулықтарын әкелдік. Көпшіліктің пікірі жақсы. Фестивальдің аясында кітапқа құмар, қызығушылық танытқан адамдардың көп екендігін байқауға болады. Іс-шара 11-де басталады десе де, 9-дан бастап келіп жатқанын байқауға болады. Болашақта мұндай шара еліміздің әр өңірінде, облыс орталықтарында өткізілгенін қалаймын. Осылайша тұтас қазақ елінің, жастардың кітапқа деген қызығушылығы оятады деген сенімдемін, – дейді Qazbilim ұлттық лицейінің мұғалімі Үмітбек Бағдатұлы. 

Алматыда 5000-ға жуық тегін кітап таратылды

Фестивальде «Ауылға кітап» дәстүрлі акциясы өтті, онда кез келген адам кітапты Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыра алды. Іс-шара аясында қала тұрғындарына 5000 тегін кітап таратылатын бірегей «Кітап лабиринті» құрылды.

Алматыда 5000-ға жуық тегін кітап таратылды

Kitap Fest – өте ауқымды жоба. Менің ойымша, фестиваль бір аптаға созылуы керек. Себебі оқырмандардың қалауын қамтамасыз етуге бір күн жеткіліксіз. Өйткені көпшілігі келуге, кітап алуға үлгере алмай қалады. Қазіргі уақытта қазақтілді оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығы жоғары. Фестивальдің ерекшелігі – мұнда кітап авторлары, жазушылар, баспагерлер мен оқырмандар кездесіп, ой бөлісе алады. Кітаптарды жеңілдікпен алға мүмкіндік бар, – дейді Qasym баспа үйінің контент-менеджері Темірлан Сейтқасымұлы.

Алматыда 5000-ға жуық тегін кітап таратылды

Іс-шара барысында «Оқырман ұлттың ұрпағымыз» көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда жазушылар мен ақындардың мұрағаттық фотосуреттерінен фотоколлаж ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы