Алматыда 4 632 бала инклюзивті біліммен қамтылды

21 Тамыз 2023, 12:57
925
Бөлісу:
Алматыда 4 632 бала инклюзивті біліммен қамтылды
Фото: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласында инклюзивті білім беретін мектептердің саны артып, қосымша кабинеттер жұмыс істейді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Қаладағы 182 мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жағдай жасалған. 2023-2024 оқу жылының басында қосымша 16 мектепте инклюзивті білім беру бағыты іске асырылады.

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді.

2020-2021 оқу жылында 3672 бала инклюзивті білім берумен қамтылса, 2022-2023 оқу жылында 4 632 бала қамтылды. Қаланың 185 мектебінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды қолдау бойынша кабинеттер жұмыс істейді. Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми– әдістемелік орталығының базасында инклюзивті ресурстық орталық ашылды, – дейді Ләззат Жылқыбаева.

Спикер Алатау ауданында шығармашылық орталық ашылып, қолданысқа берілетінін атап өтті.

Алатау ауданында оқу жылы басталғанға дейін тағы бір бірегей инновациялық шығармашылық орталығы ашылады. Бұл қала әкімдігінің біздің балаларға деген үлкен назары болып табылатын бірегей жоба. Алдағы уақытта біз бұл орталықтың мүмкіндіктерін пайдаланып, қаламыздың қосымша білім саласындағы ең үздік мамандарды барынша тартып, креативті идеялар алаңына айналдыруымыз керек, – дейді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Өзгелердің жаңалығы