Алматыда 3,6 магнитудалы жер cілкінісі тіркелді

2 Сәуір 2023, 18:29
1076
Бөлісу:
Алматыда 3,6 магнитудалы жер cілкінісі тіркелді
Фото: depositphotos.com

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2023 жылғы 2 сәуірде Алматы уақыты бойынша сағат 16:56:14-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.2.
  • MPV магнитудасы 3,6.
  • Эпицентр координаттары - 43,07° солтүстік, 76,81° шығыс.
  • Тереңдігі - 10 шақырым.
  • MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 2 балл сезілген.

ТЖМ министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде мұндай жер сілкіністерінің болуы қалыпты құбылыс. 

Бақылау жүргізілуде. Жер сілкінісі салдары туралы қандай да бір ақпарат түспеді. Жалпы 2-3 балл - бұл өңір қалыпты құбылыс, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы