Алматыда 300-ден астам өрт оқиғасы тіркелді

10 Сәуір 2024, 15:01
399
Бөлісу:
Алматыда 300-ден астам өрт оқиғасы тіркелді
Фото: Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қала аумағында 13 га жерде құрғақ өсімдіктер жанған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Константин Канин мәлім етті.

Өткен жылы қала аумағында 13 га жерде құрғақ өсімдіктердің жануының 300 оқиғасы тіркелді. Негізгі себептер тұрғындардың отпен абайсыз жұмыс істеуі және тұрмыстық қоқыстардың әсерінен (қалдырылған шыны бөтелкелер, шыны сынықтары және т.б.) құрғақ шөптесіндердің өздігінен жануы болды. Қала аумағында 19 мың 803 га Іле-Алатау ұлттық паркі, Медеу табиғи паркі – 708,2 га және ауданы 137,7 га болатын «Баум тоғайы» бар, – дейді Константин Канин.

Полиция департаменті және орман шаруашылығы мекемелерінен 161 рейд жүргізген мобильді топ құрылғанын хабарлады.

11 мыңнан астам азаматқа нұсқау берілді, 228 от жағудың жолы кесілді, 129 адам жалпы сомасы 7 млн жуық теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 103 адамға 505-баптың 1-бөлігі бойынша «ескерту» жасалды. 2 адамға 505-баптың 2-бөлігі бойынша жалпы сомасы 69 мың теңгеге айыппұл салынды. Сондай-ақ, 20 адамға 367-бап бойынша жалпы сомасы 6 млн 900 мың теңгеге айыппұл салынды, – дейді Константин Канин.

Өзгелердің жаңалығы