Алматыда 22 сәуір күні жалпықалалық сенбілік өтеді

17 Сәуір 2023, 20:02
1148
Бөлісу:
Алматыда 22 сәуір күні жалпықалалық сенбілік өтеді
Фото: gov.kz

Алматы әкімдігі экобелсенділердің Almaty Clean & Green акциясын өткізу бастамасын қолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Саябақтар, гүлзарлар, аулалар, қараусыз қалған аумақтар мен қоғамдық орындарды тазарту жоспарланған. Қала тазартылып, көгалдандырылады. Акция барысында 5 мыңға жуық ағаш отырғызылады. 

Әкімдік барлық жиналған қоқысты шығарып, қажетті құрал-жабдықтар мен акцияға қатысушыларға көшеттер беріп, сумен және тамақпен қамтамасыз етеді. Акция аясында флешмоб, эко ойындар және т.б. іс-шаралар өтеді. 

Қатысушылар ландшафты көгалдандыру мамандарынан өсімдік егу, атақты стрит-арт суретшілерінен сурет салу, граффити жасауды үйренеді. Әрі қолөнер және фотошеберлік сабақтары өтеді. 

Сенбілік 22 сәуірде сағат 10.00-де қаланың барлық ауданында өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы