Алматыда 2000-нан астам қатысушы «Ashyq» жобасына тіркелген

29 Маусым 2021, 13:17
3114
Бөлісу:
Алматыда 2000-нан астам қатысушы «Ashyq» жобасына тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева осылай деді. 

Ashyq жобасының оң нәтижелерімен бөліскен ол жоба адамдарға індетпен күресуде көмекке келгенін алға тартты. 

Оның айтуынша, Қазақстан аумағында 10 932 бизнес субъектісі Ashyq жобасына тіркелді. Сондай-ақ, 524 кәсіпкер өтінім берген.

Алматыда Ashyq жобасына 2 332 қатысушы тіркелді. Жұмыстың оң нәтижелері басым. Коронавирус жұқтырған және солармен байланыста болған азаматтарды анықтауға бағытталған қосымшаны 4 миллиондық қазақстандық белсенді қолдануда. Оның басым көпшілігі алматылықтар. Күн сайын шамамен 200 мың адам сканерлеуді жүзеге асырады, - дейді Салтанат Лесбаева. 
Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасарының айтуынша, жоба тиімділігін көрсетіп отырған көрінеді. Әсіресе, әуежайдағы жұмыс өнімді деп отыр. 

Бұдан былай жобаға сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік емес базарлар мен басқа да бизнес нысандары қосылуы мүмкін. Аталған нысандарға қатысты ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің тиісті қаулысы күтілуде. Ол қаулыда олардың жұмыс уақыты көрсетілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы