Алматыда 200-ден астам адамды кене шақты

23 Сәуір 2024, 11:55
318
Бөлісу:
Алматыда 200-ден астам адамды кене шақты
Фото: pixabay.com

Мегаполисте кене шағып алған 126 бала тексерілген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Күн жылынғаннан бері кене шағып, медициналық көмекке жүгінген науқас саны артқан.

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері медицина ұйымдарының қызметіне кене шаққан 212 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 126 бала жүгінген. Барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетілді, көрсеткіштер бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин енгізілді. Ағымдағы жылдың басынан бері кене инфекцияларының жағдайлары тіркелген жоқ. Кене боррелиозының алдын алудың бірден-бір жолы - кене шағудан қорғану. Серуендеуге, саяжайға немесе орманды аумаққа барғанда кейбір ережені сақтау керек, - дейді Қасымхан Алпысбайұлы.

Өзгелердің жаңалығы