Алматыда 2 млн теңгеге жуық айыппұлы бар көлік иесі анықталды

22 Қыркүйек 2026, 09:28
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 22 Қыркүйек 2026, 09:28
22 Қыркүйек 2026, 09:28
162
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Алматыда жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында төленбеген айыппұлдары көп көліктер анықталып, арнайы тұраққа жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Соңғы бес күнде Әкімшілік полицияның іздестіру бөлімінің қызметкерлері айыппұл қарызы едәуір көлемге жеткен 20-дан астам көлікті ұстады.

Тәркіленген көліктердің басым бөлігі шетелдік тіркеуде болған. Сонымен қатар қазақстандық мемлекеттік нөмірмен жүрген автокөліктер де анықталған.

Ең ірі қарыз Қырғызстанда тіркелген BMW көлігіне тиесілі болды. Оның төленбеген айыппұлдарының жалпы сомасы 1 миллион 700 мың теңгеден асқан.

Көліктер ақпараттық жүйелер мен бейнебақылау камераларының көмегімен анықталған. Тоқтатылғаннан кейін олар арнайы тұраққа жеткізілді.

Полиция өкілдері төленбеген айыппұлдардың күшін жоймайтынын еске салды. Қарыз көлемі көбейген жағдайда көлік заңнамаға сәйкес анықталып, уақытша ұсталуы мүмкін. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жүргізушілерге қате жазылған айыппұлдардың ақшасы қайтарылады. ІІМ тасжолдардағы жағдайға түсініктеме берді.

Тағы оқи отырыңыз: Айыппұл да, апат та көбейді: Қазақстан жолында не дұрыс емес?   

Наверх