Алматыда 1665 жұмысшы мен 611 техника қар жинауға жұмылдырылды

7 Ақпан 2022, 10:40
1552
Бөлісу:
Алматыда 1665 жұмысшы мен 611 техника қар жинауға жұмылдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 ақпан түнгі 02.00-ден бастап Алматы қаласында қар жауа бастады.Таңғы сағат 07.00-дегі жағдай бойынша қалада 3-5 см, тау бөктері мен таулы аудандарда – 10-12 см қар жауды, деп хабарлады Қазақпарат.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауа салысымен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. 611 тонна пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, қоғамдық орындарды орындарды тазалау жұмысы ұйымдастырылды.

548 техника жұмысқа шықты, оның ішінде 202 құмшашқыш және 361 жол жұмысшысы.

Таңертеңнен бастап 611 арнайы техника, 205 құмшашқыш және 1665 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша аралас жауын-шашынның түсуі үзіліспен күтілуде және күннің екінші жартысында аяқталады.

Ауа температурасы бүгін күндіз 0, +2 градус, тұман, көктайғақ.

 

Өзгелердің жаңалығы