Алматыда 15 мың ит пен мысық чип тағады

9 Қыркүйек 2022, 08:25
1479
Бөлісу:
Алматыда 15 мың ит пен мысық чип тағады

Электронды сәйкестендіру, яғни жануар терісі астына салынатын микрочипте 15 таңбалы бірегей нөмір болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жөнінде қалалық ветеринарлық қызмет басшылығы мәлімдеді.

Бұл шара жануарлар санын есепке алуға және қаңғыбас ит-мысықтар мәселесін шешуге бағытталған.

Мегаполистің кез келген тұрғыны өзінің жануарына өтінім беру арқылы чип салғыза алады. Сонымен қатар қалада қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстары да жүргізіледі. Ол үшін қалада 6 кезекші бригада  жұмыс істейді. Бұл іске қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар да атсалыса алады.

Өзгелердің жаңалығы