Алматыда 14 жастағы оқушымен кездеспек болған подполковник ұсталды

4 Наурыз 2024, 10:59
4185
Бөлісу:
Алматыда 14 жастағы оқушымен кездеспек болған подполковник ұсталды

Подполковник 14 жасар баламен кездесуге мас күйінде келіпті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Egov press Telegram арнасында шекара бөлімінің подполковнигі жайлы ақпарат тараған.

2024 жылғы 2 наурызда Алматы қаласы Жетісу ауданының ПБ-не №28-74 шекара бөлімінің подполковнигі Н. К. педофилияға күдікпен ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол мас күйінде 14 жасар баламен интимдік қатынасқа түсу үшін кездесуге келген. Алайда жәбірленуші оны өздері ұстап, жазалағысы келетіндерін айтады. Подполковник болса, баламен өмір жайлы әңгіме айтып, уақыт өткізгісі келгенін айтып ақталды, - делінген басылым таратқан ақпаратта.

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаменті түсініктеме берді.

Осы жағдай бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Мән-жай анықталып жатыр, - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы