Алматы жұртшылығы актер Фархат Әбдірайымовты ақтық сапарға шығарып салды

23 Мамыр 2021, 14:59
3394
Бөлісу:
Алматы жұртшылығы актер Фархат Әбдірайымовты ақтық сапарға шығарып салды

Алматы, BAQ.KZ. 23 мамыр күні Алматыда танымал актер Фархат Әбдірайымовтың ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Бұған дейін пандемияға байланысты актерді жерлеу рәсімі оның туыстары мен достарының қатысуымен ғана өтетіні хабарланған. Алайда жексенбі күні таң атпастан халық Орталық клиникалық аурухана маңына жинала бастады. Сол жерде халық сүйікті актерін қол шапалақтап, соңғы сапарға шығарып салды.

Актердің денесі «Кеңсай» зиратына жерленді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2021 жылдың 21 мамырында елге танымал 55 жастағы қазақ актері Фархат Әбдірайымов дүниеден озды. Актердің туыстары хабарлағандай, Фархат Әбдірайымов инфарктан көз жұмған.

Фархат Әбдірайымовтың бала кезінен бірге келе жатқан досы, актер Арман Асенов дәрігерлер оның өмірі үшін таңғы беске дейін күрескенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы