Алматы «жасыл» аймақта, карантин шектеулері қашанға дейін сақталады?

12 Маусым 2021, 18:05
3095
Бөлісу:
Алматы «жасыл» аймақта, карантин шектеулері қашанға дейін сақталады?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жарлығына сәйкес карантиндік шараларды жеңілдету «сары» аймаққа «қызыл» аймақтан немесе «сарыдан» «жасыл» аймаққа өткеннен кейін 7 күннен ерте енгізіледі.

Алматы қаласының СЭБД 12 маусымнан бастап COVID-19 эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Алматы қаласы «жасыл» аймақта екенін хабарлайды.

Бұл жағдай халықтың 100 мыңына шаққандағы аурудың 48.1-ге дейін төмендеуіне байланысты, инфекция индексі 0.76-ға тұрақтанды.

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы шектеу шараларының қабылдануы және тұрғындарының вакциналануының арқасында жүзеге асуда, 16%-дан астам.

Бұл ретте, ағымдағы жылдың 20 маусымына дейін матрицаның «сары» аймағына сәйкес келетін карантиндік шектеулерді қатаң сақтауды жалғастыру қажет. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығымен карантиндік іс-шараларды жеңілдету «сары» аймаққа «қызылдан» немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткеннен кейін 7 күннен кешіктірмей жүргізіледі.

Осыған байланысты карантиндік шараларды жеңілдету туралы Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысы қабылданатын болады.

Еске салсақ, сары аймақтан жасыл аймаққа өту критерийлері 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық деңгейінің 50-ден төмен және инфекциялық индексінің 1.0-ден төмендеуі болып табылады.
 

Өзгелердің жаңалығы