«Алматы жастары» бағдарламасымен биыл 829 адам баспаналы болды

2 Қараша 2022, 05:46
968
Бөлісу:
«Алматы жастары» бағдарламасымен биыл 829 адам баспаналы болды

Алматыда 10-14 қазан аралығында азаматтарды «Алматы жастары» бағдарламасына қатысу үшін қосымша іріктеу жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, қосымша іріктеуге бағдарламаға негізгі конкурстық іріктеу кезеңінде өтінім берген, алайда, құжаттары дұрыс толтырылмаған адамдар ғана қатысты. Өтініштер мен құжаттарды қабылдау қорытындысы бойынша 2 135 қатысушы өз өтінімдерін редакциялап, құжаттарын қайта жаңартты. 

Барлық өтініштер мен құжаттардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексерілді. Іріктелген қатысушылар, резервке енген және қабылданбаған қатысушылардың тізімі www.almaty-zhastary.kz сайтында орналастырылды. Іріктелген 183 үміткерге сайттағы жеке кабинетке «Отбасы банк» АҚ төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама берілді, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы