«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінімді қабылдау мамырда басталады

3 Мамыр 2023, 21:09
783
Бөлісу:
«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінімді қабылдау  мамырда басталады
Фото: Егемен Қазақстан

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінімді қабылдау мамыр айында басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

15 мамырдан бастап жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй қарыздарын алуға өтініш пен құжат қабылдау басталады.

«Алматы жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Өтінім 31 мамырға дейін қабылданады.

Мұғалім, дәрігер, оқытушы, мәдениет және спорт саласының қызметкері және т.б. бюджеттік ұйымдардың сұранысқа ие мамандары несие алуға құқылы.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тағы 100 қарызға лимит ұлғайтылды: мұғалімдер үшін – 50, дәрігерлер үшін – 50. Соның арқасында 1100 жас отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Анықтама телефоны: +7 (727) 225 14 57

Өзгелердің жаңалығы