Алматы тұрғыны дизельді автобустарға шағымданды

24 Тамыз 2023, 11:21
773
Бөлісу:
Алматы тұрғыны дизельді автобустарға шағымданды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Наурызбай ауданының тұрғыны Алматы қаласының әкіміне ауаны ластап, қара түтін қалдыратын дизельді автобустарға шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы әкімі дизельді автобустардың әлі де қала бойынша жүретінін растады. Оның айтуынша, қоғамдық көлікті жаңарту бағдарламасы 2025 жылы аяқталмақ.

Әзірге қалада дизельді автобустар пайдаланылатын болады. Бірақ стандарттарға сәйкес келмейтіндерді біртіндеп есептен шығарып, рейстерден аламыз. Өкінішке қарай, жалпы алғанда, қаладағы қоғамдық көліктің жағдайы жақсы емес. Биыл жергілікті бюджет есебінен 600 автобус, жеке тасымалдаушылар есебінен 700 автобус сатып алынады, – деді Ерболат Досаев.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Төлеубаев Наурызбай ауданы бойынша ескі ЛиАЗ автобустары жүретінін, олар биылғы жылы газбен жүретін автобустармен ауыстырылатынын айтты.

Ауданда ескі автобустар бар. Алдағы уақытта дизельмен жүретін қоғамдық көліктерді газға ауыстырамыз. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін үш маршруттың жылжымалы құрамы жаңартылып, күшейтілді. Осы жылдың желтоқсан айына дейін Наурызбай ауданына қызмет көрсететін үш маршрут: №50 №118, №212 автобустары жаңартылады, – деп атап өтті Сағындық Телібаев.

Қала басшысы жақында ғана әкімдіктің қызмет көрсету сапасының төмендігіне байланысты тасымалдаушылардың бірімен келісімшартты бұзғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы