Мамандар жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттар мәселесі бойынша жеке кеңес береді.
«Алматыгенплан» компаниясы тұрғындардың өтініштерін қабылдау үшін байланыс орталығын іске қосты. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Алматылықтар енді бас жоспарға қатысты сұрақтарын тікелей қойып, нақты аумақтар бойынша ақпаратты анықтай алады. Сонымен қатар байланыс орталығында жалпы түсіндіру жұмыстарымен қатар, жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттар мәселесі бойынша жеке кеңестер де беріледі.
Біз бас жоспардың бүкіл қаланың дамуына әсер ететін күрделі қала құрылысы құжаты екенін түсінеміз. Тұрғындармен кездесулерден кейін көптеген алаңдаушылықтың адамдардың Алматының дамуына қарсылығынан емес, бас жоспар нақты нені қарастыратыны және оның белгілі бір аумаққа қалай әсер етуі мүмкін екені туралы түсінікті әрі сенімді ақпараттың жеткіліксіздігінен туындайтынын байқадық, – деді компанияның бас директоры Асхат Садуов.
Сондай-ақ қалада бас жоспар туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру үшін тұрғындармен түсіндіру кездесулері, жеке консультациялар және басқа да іс-шаралар өткізіледі.
«Алматыгенпланның» әлеуметтік желілерінде өзекті ақпарат, түсіндірмелер және тұрғындар жиі қоятын сұрақтарға жауаптар жарияланып отырады. Байланыс орталығына WhatsApp арқылы +7 (705) 653-83-57 нөміріне хабарласуға болады.