Кабо-Вердеде автобус шатқалға құлап, 22 адам қаза тапты

Тағы 18 оқушы зардап шекті, олардың төртеуінің жағдайы ауыр.

 6 Қыркүйек 2026, 20:18
6 Қыркүйек 2026, 20:18
129

Кабо-Верденің Фогу аралында автобус шатқалға құлап, 22 адам қаза тапты. Тағы 18 адам жарақат алды.

Lusa агенттігінің мәліметінше, жол апаты Сан-Филипе муниципалитетінің солтүстік бөлігіндегі Шан-даш-Калдейраш пен Кампанаш-ди-Сима арасындағы жолда болған.

Автобус экскурсиядан қайтып келе жатқанда жолдан шығып кетіп, шамамен 30 метр биіктіктен шатқалға құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандардың басым бөлігі орта мектеп оқушылары. Қаза болғандардың арасында автобус жүргізушісі де бар.

Ауруханаға 6 мен 11 жас аралығындағы 18 бала жеткізілді. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр.

Фогу аралының билігі қаза тапқандарға байланысты екі күндік аза тұту жариялады. Құтқару жұмыстары жетуі қиын аумақта жалғасып жатыр, сондықтан құрбандар саны артуы мүмкін.

Наверх