Алматы түбіндегі әуе апатында  адами фактордың әсері де бар – Наурызалиев

29 Сәуір 2022, 15:56
1411
Бөлісу:
Алматы түбіндегі әуе апатында  адами фактордың әсері де бар – Наурызалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Болат Наурызалиев ИИДМ-де өткен баспасөз брифингінде айтты. 

Болат Наурызалиев Bek Air әуе компаниясының ұшағының апаты кезінде адами фактор болғанын да айтты. 

Ұшақтың салмағы 45 тонна болуы керек. Ал ұшақ ол күні 40 тонна болған. Адамдар аз, яғни, 93 адам болған. Пилоттар «күнде ұшатын еді, неге ұшпай жатыр» деп ойлаған. Оны адами фактор дейді. Олар алдындағы жылдары  талай ұшуды жүзеге асырған. Егер осыған дейін мұндай жағдай болса, ойланар еді. Ұшақтың неге ұшпай жатқанына қатысты ойланар еді. Бірақ ол қаза болған адам. Онда қандай ой болғанын айта алмаймыз. Оларды кінәлай да алмаймыз, - деді Болат Наурызалиев. 

Ол бұл апаттан кейін нормативтік-құқықтық құжат дайындау керегін айтты. 

Ұшаққа кедергі келтіретін, апатқа ұшырауға ытималдылық бір жағдайлар болса, міндетті түрде ұшақты қайта тексеру керек. Біз жарияланған есепте барлық ұсынымды жаздық. Комитеттер оларды орындауы керек. Ал олардың орындалуын да Бас прокуратура тексеруі керек, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы