Алматыда сақтық шараларын сақтамаған 1 мекеме жабылды

18 Мамыр 2020, 17:03
1335
Бөлісу:
Алматыда сақтық шараларын сақтамаған 1 мекеме жабылды
Фото: ашық дереккөз

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір эпидемиолог, әкімдік қызметкерлерінен тұратын комиссия Алматыдағы әрбір ведомство, кәсіпорындар мен мекемелердегі карантиндік шараларын сақтау жағдайын жан-жақты қарап жатыр. 

Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарилық дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, осы сенбі, жексенбі күндері 267 нысан қаралып, оларға баға берілген. 

Оның ішінде 222 нысанға дайындығы толық деген акті берілді. Қалған 46 нысанның дайындығы болмау себепті рұқсат берілмеді, ал 1 нысан жабылды. Бұл вирустың кеңінен тарап кетпеуі үшін жасалып жатыр. Біздің міндетіміз тек айыппұл салу ғана емес, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, - деді ол.

Сондай-ақ, ол Алматыда инфекция анықталғандардың 90% науқастармен байланыста болған, бақылаудағы адамдар екенін айтты. 

Соңғы аптада медицина қызметкерлеріне өздігінен жүгінген 14 адамнан ғана инфекция анықталды. Қазір қалада тесттен өтетін 8 орын ашылды. Осы уақыта дейін 99 600 адамға талдау жасалды. Бұл өзге өңірлерге қарағанда анағұрлым көп. Осылай жүйелі түрде ең қауіпті контингенттерде, ең қауіпті нысандардан сынамаларды алып, жағдайларына баға беруіміз керек. Бұл сырқаттың алғашқы кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді, - дейді Бекшин.
Бұған дейін Алматыда коронавирус жұқтырған 40 бала ем қабылдап жатқаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы