Алматы рестораторлары карантиндік шектеуден қиналып жатқандарын мәлімдеді

14 Қараша 2020, 09:40
1239
Бөлісу:
Алматы рестораторлары карантиндік шектеуден қиналып жатқандарын мәлімдеді

Алматы, BAQ.KZ.  Кеше Алматы қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы алаңында қоғамдық тамақтандыру саласындағы кәсіпкерлердің кездесуі өтті.

Жиынға Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов және басқарма басшысы Еркебұлан Оразалин қатысты. Кәсіпкерлер тарапынан «Атамекен» ведомствоаралық комиссияға қарауға жіберетін қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы туралы өз ұсыныстар айтылды. 

Жиын барысында кәсіпкерлер өздерін мазалап отырған мәселелері туралы айтты. Мәселен, караоке, бильярд залдардың иелері сегіз айдан бері жабылып тұр екен, жалдау қарыздары барлық мүмкін болатын шегінен асып кеткен. Ал, қызметкерлер ақысыз демалысқа жіберілген. Сондай-ақ рестораторлар үнемі өзгеріп отыратын «ойын ережелерінің» салдарынан уақыт бойынша қатаң шектеулермен жұмыс істеуге мәжбүр екендіктерін жеткізді. 

Жағдайды өзгертпесе, кәсіпкерлер күйреп, мыңдаған қызметкерлер көшеде қалады деген сенімде. Сонымен бірге, кәсіпкерлердің айтуынша, қазір нарыққа «қара ниеттілер» шыққан. Бастамашыл адамдар жерасты түнгі клубтарын ұйымдастырады, өйткені мұндай мекемелерге сұраныс жоғары және заңсыз жұмыс істейді.  

Неге бәріміз осында келдік. Біз сындарлы әңгіме болғанын қалаймыз. Мұның барлығы бейбіт жолмен шешілуі қажет. Біз қауымдастықпен бірге, төтенше жағдай мен карантин уақытында өз тарапымыздан барлық мүмкіндіктерді туғыздық. Біз бәріміз вирустан қорықтық, ауырып қалудан қорықтық, оның тезірек аяқталғанын қалаймыз. Біз бұл жағдайды екі айға ғана жалғасады және кейін бұрынғы өмірімізге қайта ораламыз деп ойладық. Сондықтан да біз дәрігерлерге көмектесу керек деп шешіп, 1300 дәрігерді екі жарым ай бойы тамақтандырдық. Енді бізге көмек керек, біз шетте қалып кеттік, - деді Қазақстан рестораторлары қауымдастығының төрайымы Гүлнара Катибаева. 

«Атамекен» өз кезегінде пандемияның алғашқы күндерінен бастап, Қазақстанның рестораторлар қауымдастығымен және осы саладағы жеке кәсіпкерлермен байланыста болғанын жеткізді. 

Біз сіздердің ұсыныстарыңызды үкіметке бірнеше рет жібердік, саланың өткір мәселелері елдің премьер-министрімен кездесулерде айтылды, - деді Айтуар Қошмамбетов. 
Егер кәсіпкерлердің айтқандарын қорытындылайтын болсақ, олардың ұсыныстары төмендегідей: 

- күшейтілген санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, тыйым салынған қызмет түрлерін (боулингтер, бильярд бөлмелері, караоке, банкет залдары) ашу;
- мекеменің ауданына және отыратын орындардың ең көп санына байланысты залдағы қонақтар саны бойынша шектеулер;
- санитарлық дәрігердің қаулыларының жобасын «Атамекенге» талқылауға жіберу;
- санитарлық дәрігердің қаулыларын сапалы орындау мүмкіндігі үшін алдын-ала жариялау;
- қызметкерлер мен қонақтар үшін жоғары деңгейдегі қорғанысты қолдана отырып, мекемелерге қатысты шектеу шараларын жеңілдету. Ол үшін бақылау парағын жасап, осы шарттарды орындауға дайын ұйымның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру қажет;
-  телефон нөмірлері тіркелген және QR код сканерленген жағдайда ғана қызметкерлер мен келушілерге клубтарға, барларға және қоғамдық тамақтану орындарына кіруге рұқсат етілетін QR-код (Ресей Федерациясымен ұқсас) арқылы тіркеу жүйесін пайдалану. Бұл тәжірибені бизнесті толығымен жабудың баламасы ретінде қарастыруға болады;
- әр түрлі типтегі мекемелер үшін сараланған жұмыс кестесі. 

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бизнес тарапынан айтылған барлық ұсыныстарды тыңдап, ол бойынша өз пікірін білдірді.  

Қазір сіздер қауымдастық пен «Атамекеннің» айналасына топтасып, ұсыныстарыңызды жинап, оларды Республикалық «Атамекенге» жіберулеріңіз қажет, ал олар өз тараптарынан Үкіметке жеткізіп, оларды қайта қарайтын болады, - деді Бекшин.

Өзгелердің жаңалығы