Алматы, BAQ.KZ. Бұл шығарманың авторы – Бостандық аудандық ПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Динара Мағзұмова.
Менің жолдасым да полиция қызметкері. Бес күн бойы тәртіпсіздіктер мен полиция ғимараттарына жасалған лаңкестік әрекеттердің жолын кесуге қызмет етті. Біз - жас отбасымыз. Шынымды айтсам, мен ол үшін қатты уайымдадым. 4 қаңтарда бүкіл жеке құрам қызметкерлері арнайы дабылмен шақырылғанда, мен асығыс ұялы телефоныма төрт шұмақ өлеңімді теріп, жолдасымды қолдау үшін жібердім. Біраз уақыттан кейін «Кең байтақ – рухты ел қазақ даласы!» деп осы шығарманы жаздым», – дейді, - аға лейтенант Мағзұмова.
Динараның айтуынша, ол бала кезінен өлең жазады. Жинаққа шығаруға шығармашылық материал жиналып қойған.
Бірақ бұл болашақтың еншісінде. Ал әзірше мен өзімді елдің амандығы мен азаматтардың қауіпсіздігі жолында жұмыс істеуге арнадым, - деді, полиция инспекторы.