Алматы прокуратурасы арандатушылыққа ермеуге шақырды

30 Мамыр 2023, 17:35
1020
Бөлісу:
Алматы прокуратурасы арандатушылыққа ермеуге шақырды
Фото: BAQ.KZ

Алматы қалалық прокуратурасы қала халқын 31 мамырда митингі мен шеруге қатыспауға, жалған хабарламалар мен арандатушылыққа ермеуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Баспасөз қызыметінің мәлімдеуінше, әлеуметтік желілерде арандаушылыққа шақыратын жалған хабарламалар жиілеген. Сондай-ақ минтингтерге жергілікті атқарушы органдардың рұқсат бергендігі айтылған. Дегенмен, бұл күндері ешқандай да бейбіт жиналыстарды өткізу келісілмеген. 

Жалған хабарламалар арқылы акцияларды ұйымдастыру және оларға қатысу, сондай-ақ оларға шақыру заңсыз болып табылатынын ескертеміз. Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке қол сұғатын адамдардың жолын кесіп, кінәлі адамдарға заңда көзделген барлық шараларды қабылдайтын болады,– делінген прокуратураның хабарламасында. 

Бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған.

Тиісінше, Заң талаптарын бұза отырып өткізілетін митингілерді, шерулерді, жиналыстарды немесе демонстрацияларды ұйымдастыру және оларға қатысу (Заңның 3 - бабының 3-тармағы) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 488-бабы бойынша жауаптылыққа, оның ішінде 25 тәулікке дейін қамаққа алу шарасына әкеп соғады, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы